439,01 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елорда базарындағы қызметкерлер маска мен қолғап киюге міндеттелді

  • 90
  • UPD: 15:28, 16.03.2020
Елорда базарындағы қызметкерлер маска мен қолғап киюге міндеттелді

Бүгіннен бастап сауда және сауықтық орындардағы сақтық шаралары да күшейтілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен, елорда базарындағы қызметкерлер маска мен қолғап киюге міндетті. Бұған қоса, сауда жүргізетін орын күніне 4 мәрте тазалануы қажет. Қазіргі таңда төтенше жағдайға байланысты ешқандай қарбалас байқалмайды. «Сауда-саттық қарқыны бірқалыпты жүріп жатыр», - дейді салаға жауапты мамандар. Ал, азық-түлік тапшылығына қатысты ешқандай мәселе жоқ. Тауар көлемі жеткілікті және бағалары да тұрақты. Осы мақсатта күнделікті арнайы мониторинг жүргізіліп тұрады.

Қайырлы Кеңесбекұлы, ҚР Сауда кәсіпорындары қауымдастығы вице-президенті:

- Қоймаларда, біздің базарларда азық-түлік жеткілікті. Баға өскен жоқ. Сырттан келетін қантқа баға сәл көтеліді. Ал, өзімізде өндірілетін тауарлар бұрынғы бағада сатылып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы