447,67 487,00 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда студенттер онлайн оқыту жүйесіне көшті

  • 133
  • UPD: 15:35, 16.03.2020
Ақтауда студенттер онлайн оқыту жүйесіне көшті

Ақтаудағы мемлекеттік университет те қашықтан оқытуға көшті.

Жоғары оқу орны үшін бұл тәсіл жаңалық емес. Студенттердің қашықтан білім алуына жол ашқан «Универ» ішкі LMS жүйесі бірнеше жылдан бері қолданыста бар. Қазіргі уақытта Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінде 8 мыңға жуық студент оқиды. Оның бір мыңнан астамы қашықтан оқыту технологиясы бойынша білім алады. Бүгіннен бастап министрліктің бұйрығына сәйкес, жоғары оқу орнында білім алушылардың барлығы бірдей онлайн режимге көшірілді. Айта кетейік, бұған дейін 1-курс студенттері үшін тәжірибе түрінде өткен онлайн лекциялар өзінің тиімділігін байқатқан.

Берік Ахметов, ЖОО ректоры:

– Студент пен оқытушының арасындағы қарым-қатынасы ішкі кампустағы сияқты болуы үшін Google Hangouts Meet деген платформасына көштік. Біздің университет Google платформасына 2017 жылдан бастап өткен соң осы платформа біз үшін ыңғайлы болды. Қазіргі жағдайда 350-ге жуық оқытушы-профессорлардың барлығы тікелей онлайн режимде қашықтан оқытуды жүргізіп жатыр. Оның жүзі алдын-ала осы қашықтан оқыту технологиясымен сабақ берген адамдар.

Хабар 24 телеарнасы