447,67 487,00 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Балабақшаға бірнеше күн келмеген балалардың орындары сақталып қалады – А.Аймағамбетов

  • 95
  • UPD: 19:47, 16.03.2020
Балабақшаға бірнеше күн келмеген балалардың орындары сақталып қалады – А.Аймағамбетов

Балабақшаға баланы апару-апармау туралы ата-ананың өзі шешеді. 

«Балабақшалар қазір штаттық режимде жұмысын атқаруда. Баяғыдағыдай бірнеше күн балабақшаға бала келмесе, оның орнын алып қояды деген норманы алып тастадық. Қазір балабақшаға балалар бірнеше күн келмесе де, ол орын сол баланікі болып, ары қарай қала береді. Таңдау ата-ананың өздерінде», - деді ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Мониторингтің нәтижесінде бүгін елімізде 40 пайыз бала ғана балабақшаға барғанын айтып өтті.

Автор: Д.Доспан

Хабар 24 телеарнасы