417,87 496,90 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуропаға саяхат жасап келген ақтаулықтар үй карантиніне алынды

  • 309
  • UPD: 23:10, 16.03.2020

Еуропадағы саяхатынан келген Ақтау қаласының үш тұрғыны үйлеріне оқшауланды. Олар теңіз саяхаты кезінде Испания, Италия мен Францияда болған. Бұл мемлекеттер коронавирус инфекциясы тараған қауіптілігі жағынан 1 Б санаттағы мемлекеттер.

Жергілікті билік өкілдері уақытша үйге оқшаулау – қауіптің алдын алу мақсатында жасалған шара екенін айтады. Сонымен қатар Испания мен Польшадан екі студент оралды. Бір ер жігіт пен бір қыз. Олар да үйлерінде карантинде жатыр. Шет мемлекеттерден келушілерден үйден шықпау жөнінде қолхат алынды. Және міндеттемелерді бұзған жағдайда қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығы ескертілді.

Айта кетейік, Маңғыстау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар тіркелген жоқ.  

Асима Жұмабайқызы, қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы:

- Франция мен Испания қазір коронавирус инфекциясы тараған қауіптілігі жағынан 1Б санаттағы мемлекеттер. Сондықтан да олар үй бақылауында болады. Үйден тысқары жерге шығуға болмайтынын ескерттік. Оларға бекітілген медициналық мекемелер күнделікті қадағалап, денсаулықтарын тексеріп отыр. Егер қандай да бір өзгеріс байқалып жатса, бірден ауруханаға оқшаулаймыз.

Хабар 24 телеарнасы