443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодардан Ресейге қатынайтын автобус рейстері тоқтатылды

  • 106
  • UPD: 22:18, 16.03.2020
Павлодардан Ресейге қатынайтын автобус рейстері тоқтатылды

Ертіс өңірінде коронавирусқа қатысты сақтық шаралары шеңберінде Ресей облыстарымен қатынайтын автобус рейстері уақытша тоқтатылды.

Сондай-ақ сапаржай қызметкерлерінің жұмыс күнін тоқтату туралы шешім қабылданды. Омбы, Новосибирск, Славгород, Кемерово, Екатеринбург қалаларына жолаушы тасымалдайтын 50 орындық көліктер жүрмейтін болды. Осыған сәйкес халықаралық рейстердің 82 жүргізушісі де жұмыстарын уақытша тоқтатты.  Қазіргі уақытта жолаушылар билеттерін қайта тапсырып, жұмсаған қаржыларын қайтарып жатыр.

Павлодар автовокзалы мамандарының хабарлауынша, бүгінде жолаушылар легі ішкі бағыттарды есепке алғанда 65-70%-ке азайып қалған. 

Евгений Пилипенко, сапаржай директоры:

- Технологиялық үрдіске қатысы жоқ қызметкерлердің жұмыс күні қысқартылады. Олар күндізгі сағат 16:00-ге дейін жұмыс істейтін болады. Кей мамандар уақытша демалысқа барады. Ендігі мақсатымыз шығынға ұшырамас үшін шұғыл әрекет ету. Жолаушылар тасымалы күрт азайды. Әлеуметтік маңызы бар кәсіпорын болғандықтан, бізге қолдау керек.

Хабар 24 телеарнасы