447,60 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО: мекемелер мен құзырлы органдар күшейтілген кестемен жұмыс істеп жатыр

  • 90
  • UPD: 23:29, 16.03.2020
ШҚО: мекемелер мен құзырлы органдар күшейтілген кестемен жұмыс істеп жатыр

Шығыс Қазақстан облысындағы барлық мекемелер мен құзырлы органдар күшейтілген кесте бойынша жұмыс істеп жатыр.

Аймақта бір ай бұрын құрылған жедел штаб қажетті шараны күнделікті үйлестіріп отыр. Ал кешелі бері өңірде қоғамдық көліктер мен адам көп жиналатын орындарды санитарлық мамандар күніне екі рет зарарсыздандырып жатыр. Облыс бойынша 2505 обсервациялық орын әзірленді. Өскеменнің өзінде дезинфекция заттарымен жабдықтайтын 10 компнаия бар. Ондағы мамандар кез келген уақытта көмек көрсетуге дайын. Облысқа вирус ошағы тіркелген елден келген 73 адам ауруханаға жатқызылып, олардың 64 шықты. Қазір обсервацияда 9 адам бар. Ауруханада тексеруден өткен азаматтардың бәрі де аурудан ада. Ал медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігі үшін  қорғаныс құралдары да әзірленді. Әрбір бригада толық жабдықталған. 

Ілияс Мұхаммеджанов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Еш күмән жоқ. Олар біріншіден науқастардан бөлек. Сонымен қатар біздің мақсатымыз осы күдікті болған науқастармен қатынаста болатын медициналық қызметкерлердің денсаулығымен қаупін сақтау  біздің міндетіміз. Сондықтан біз жүз пайыз арнайы киімдермен, бетпердемен бір реттік қолданатын киімдер қолғаптар жабдықталған.

Хабар 24 телеарнасы