447,60 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шетелде 4 мыңнан астам қазақстандық саяхаттап жүр

  • 87
  • UPD: 23:50, 16.03.2020
Шетелде 4 мыңнан астам қазақстандық саяхаттап жүр

Дәл қазір шетелдерде 4 мыңнан аса жерлесіміз саяхаттап жүр. Олардың басым бөлігі Египет, Таиланд, Үндістан және Біріккен Араб Әмірліктерінің демалыс орындарында.

Елде қалыптасқан жағдайға байланысты енді оларды қайтару шаралары қолға алынады. Бұл жөнінде Мәдениет және спорт министрінің орынбасары Өркен Бисақаев мәлімдеді. Туристерді елге қайтарумен отандық екі әуе компаниясы айналыспақ. Қазір осы шаруаның техникалық және қаржылық мәселелері талқыланып жатыр деді ол. Төтенше жағдай кезеңінде қолға алынған шаралардан отандық тур компаниялар шаш етектен шығынға батып жатыр екен. 

Өркен Бисақаев, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі:

- Бүгінгі таңда туристік саланың жағдайы оңай емес. Туроператорлар шетелге шығуға шектеу қойылуына байланысты шығынға батуда. Біздің есеп бойынша төтенше жағдай кезінде жалпы сомасы 2,7 млрд теңгені құрайтын 5526 адам сапардан бас тартуы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы