447,60 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында ситуациялық орталық құрылды

  • 119
  • UPD: 12:01, 17.03.2020
Түркістан облысында ситуациялық орталық құрылды

Нан және кондитерлік өнімдер тек ораулы күйде сатылуы қажет. Түркістан облысында коронавирусқа байланысты арнайы құрылыған ситуациялық орталық жұмысына қатысқан өңір басшылары осындай талап қойды.

Өңірде Президенттің Жарлығын іске асыру мақсатында нақты іс-шаралар жоспары әзірленді. Ірі сауда орындары мен базарлар санитарлық талаптарды күшейте отырып, күндізгі сағат 10:00 мен кешкі 18:00 аралығында жұмыс істейді. Дүкендер мен дәріханалар қалыпты жұмыс істегенімен, дезинфекциялау және тазалық жұмыстарын күшейтеді. Расында азық-түлік сататын дүкендер бұдан былай нан өнімдерін қағаз немесе салафан қалталарға салып сатуы тиіс. Ал облыс орталығындағы киім-кешек базарларының кестесі сағат 11.00-17:00 аралығында болады. Бұдан былай, дәмханалар мен мейрамханалар кешкі сағат 10-нан кейін жабылады. Келушілер саны 50 адамнан аспауы тиіс. Спорттық ойындар көрерменсіз өтеді. Ауқымды отбасылық іс-шаралар мен еске алу салттарын өткізуге тыйым салынады. Ал туристік орталықтар, балабақшалар, кинотеатр, театр, түнгі клубтар мен адам көп жиналатын басқа да ойын-сауық орындарының қызметі екі күннен бері тоқтатылған. Бүгінге дейін облыс аумағына келушілер арасында коронавирус індетіне шалдыққандар тіркелген жоқ. Бірақ соған қарамастан қауіпсіздік шаралары барынша күшейтіліп, инфекциялық стационарларда 100 төсек орын дайындалды. Біз осыған орай облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас инфекционист-дәрігері Замира Жорабекованың пікірін білген едік.

Замира Жорабекова, облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас инфекционисті:

– Карантиндік режимді сақтамаған, медициналық ұйымға барып қаралудан бас тартқан азаматтарды бақылау күшейтілді. Қоғамдық орындар мен көліктерге санитарлық іс-шаралар тұрақты жүргізілуде. Айта кетейік, қалада 21 бағыт бойынша жүретін 270 автобус жұмыс уақытынан кейін толық дезинфекциялаудан өтіп жатыр. Облыстық әкімдіктің ресми сайты жанынан ақпараттандыру парақшасы ашылған. Онда коронавирустан сақтану жолдары бойынша кеңестер жарияланатын болады.

Хабар 24 телеарнасы