418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде өнім өндірісі тоқтатылмайды – Бақыт Сұлтанов

  • 327
  • UPD: 11:15, 17.03.2020
Елімізде өнім өндірісі тоқтатылмайды – Бақыт Сұлтанов

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын көтергендерге тиісті шаралар қолданылады.

Бұл туралы ҚР сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді.

«Бүгінгі күні еліміз тауарлар мен азық-түлікпен толықтай қамтамасыз етіліп отыр. Жеткілікті қорлар бар. Өнім өндірісінің процесі тоқтамайды», - деді Б.Сұлтанов.

Сонымен қатар жағдайды алдын-ала ойластырып, халықтың ең көп тұтынатын өнімдері мен тауарларының бағасын көтергісі келіп отырғандардан да хабардар екенін айтып өтті.

«Ұн, макарон, қант және басқа да тауарлардың бағасын көтергісі келетін сатушылар мен алыпсатарлар үшін тиісті шараларды қабылаймыз», - деді министр.

Хабар 24 телеарнасы