411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дағдарысқа қарсы шаралар топтамасы

  • 335
  • UPD: 12:00, 17.03.2020
Дағдарысқа қарсы шаралар топтамасы

Үкімет дағдарысқа қарсы шаралар топтамасын бекітті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның ішінде қаржы саласына қатысты маңызды мәселелер бар. Мысалы, төтенше жағдай кезінде тұтынушылық мақсатта алған қарызын өтей алмаған жандарға 90 күнге дейін айыппұл салынбайды. Сондай-ақ уақыты өткен несие қарызының 50 процентін 12 айдың ішінде төлесе, несие тарихы дұрысталады. 16 наурыз бен 15 сәуір аралығында заңды және жеке тұлғаларға айыппұл салынбайды. Төтенше жағдай кезінде жеке кәсіпкерлер мен шағын және орта бизнеске борышын кейін өтеуге мүмкіндік беріледі. Валюталық капитал 12,5 проценттен 7 жарым процентке төмендетіледі. Жеке тұлғалардың депозит мөлшерлемесі көтеріледі. 

Хабар 24 телеарнасы