411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шет елдерде 4 мыңнан астам қазақстандық саяхаттап жүр

  • 745
  • UPD: 15:18, 17.03.2020

Бүгіннен бастап тағы бірнеше елмен санитарлық тәртіп күшейтілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның ішінде Франция, Иран, Италия, Испания және Германиядан келгендер енді міндетті түрде карантинге жатқызылады. Ал Қытай не Корея сияқты мемлекеттерден оралғандар үйде оқшаулануы керек. Бұл жөнінде Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді. Оның айтуынша, жауа талаптар шет елдерде жүрген жерлестерімізге ғана қатысты. Ал басқа елдің азаматтарының Қазақстанға келуіне тыйым салынған.

Айта кетейік, дәл қазір шет елдерде саяхаттап жүрген 4 мыңнан астам қазақстандық азамат бар.    

Елжан Біртанов, ҚР денсаулық сақтау министрі:

– Сонымен қатар екінші категория бойынша Филиппин, Катар, Үндістан, БАӘ, Ұлыбритания, Әзербайжан, Таиланд және АҚШ-тан біздің елге оралған азаматтарға медициналық мониторингке алынады. Бұған қоса, еліміздегі медициналық ұйымдарда, интернаттарда карантин басталады.

Хабар 24 телеарнасы