428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қашықтан жұмыс істейтін қызметкерлердің коммуналдық шығындары өтелуі мүмкін

  • 566
  • UPD: 14:10, 17.03.2020
Қашықтан жұмыс істейтін қызметкерлердің коммуналдық шығындары өтелуі мүмкін Униан

Қазақстанда жарияланған төтенше жағдайға байланысты қашықта жұмыс істеу режиміне көшкен Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарына электр энергиясы мен өзге де шығындарды өтеу мәселесі қарастырылуда.

Қашықта жұмыс істеуге көшкен қызметкерді жұмыс беруші коммуникация, байланыс құралдарымен қамтамасыз етуі тиіс.
Ал қызметкер тұрақты негізде өзінің байланыс құралдарын пайдаланатын болса, жұмыс беруші өтемақы төлейді, деп хабарлайды ҚР ДСМ Тауарлар мен қызметтер сапасын бақылау комитетінің баспасөз қызметі. Өтемақының көлемі мен төлеу тәртібі келісім бойынша бекітіледі. Қашықта жұмыс істейтін қызметкердің жұмысын атқаруға байланысты кеткен, яғни электр энергиясы, су мен өзге де шығындар өтелуі қажет.

Хабар 24 телеарнасы