412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Б.Сұлтанов: Дүкен аралап, дүрбелең туғызудың қажеті жоқ

  • 205
  • UPD: 16:28, 17.03.2020

Елімізде азық-түлік пен тұрмыста қажетті тауарлар қоры жеткілікті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондықтан дүкен аралап, дүрбелең туғызудың қажеті жоқ. Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов осылай деп мәлімдеді. Бұған дейін Президент Үкіметке әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуді тапсырған. Оның ішінде азық-түлік бағасын тұрақтандыру бойынша өкілеттіктер берілді. Осы орайда тауарларды жеткізу мен реттеу бойынша аймақарда ведомствоаралық ынтымақтастық күшейіп, түрлі жұмыстар жүргізіледі. Бұдан бөлек, дүкен сөрелеріндегі азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін әкімдіктер сауда орындарымен тікелей байланыста болады.

Бақыт Сұлтанов, ҚР сауда және интеграция министрі:

– Әкімдіктер тұтынушылар құқығын қорғау ұйымдарымен бірге баға мониторингін жүргізеді. Сондықтан кәсіпкерлерді тауар құнын негізсіз өсірмеуге шақырамын. Дүкендердегі баға өткен аптаның басында қандай болса, қазір де сондай болу керек. Осындай кезеңде халықтың көмегімен пайдаға кенелуге жол бермейміз. Қажет болса, Үкімет шекті баға белгілеу сынды қатаң шаралар қолданады.

Хабар 24 телеарнасы