448,01 487,00 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талдықорғандағы балабақшалар күшейтілген санитарлық режимде жұмыс істеп жатыр

  • 107
  • UPD: 16:06, 17.03.2020
Талдықорғандағы балабақшалар күшейтілген санитарлық режимде жұмыс істеп жатыр СеверИнформ

Талдықорған қаласындағы балабақшалар күшейтілген санитарлық режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мектепке дейінгі мекеме ғимараттары екі сағат сайын жуылып, тазартылса, бүлдіршіндер көп уақытын таза ауада өткізуде. Кіреберіс пен дәліз бойына бірнеше жерден зарарсыздандыру сұйықтықтары орнатылған. Балалардың барлығы күнде таңертеңгісін медбикенің тексеруінде болады. Дене қызуы көтеріліп, тұмаудың қандай да бір белгілері білінген жағдайда бала ата-анасымен бірге үйіне қайтарылады. Қалалық білім қызметкерлерінің айтуынша, балабақшалардағы бетперде мен зарарсыздандыру сұйықтықтары 3 айға жетеді. Тапсырыс бойынша тағы да алдыртамыз. Оған шамамен 1 айдай уақыт кетеді дейді мамандар. Алматы облысының орталығында қазір 67 балабақша мен шағын орталық жұмыс істеп тұр. Онда 7 жарым мыңнан астам бүлдіршін тәрбиеленуде. Төтенше жағдай жарияланғалы бері мектепке дейінгі мекемелерге барып жүрген балалардың саны 63 процентке дейін күрт кеміген.

Cәуле Қасымбаева, балабақша медбикесі:

– 80-90 бала бронхитпен, ОРВИ-мен ауырып жатыр. Қалғаны осы коронавирусқа қарсы еңбек демалысын алып, ата-аналарымен үйде. Қазір тәрбиешілеріне де айтып жатырмыз, жарты сағат сайын қолдарын жиі жуып, бөлмені жиі желдетіп, кварц қойдыртып жатырмыз. 

Бағым Әмірбек, балабақша тәрбиеленушісі:

– Балабақшаға келгенде қолымызды жуамыз. Далаға барамыз. Даладан келгенде, қолымызды жуамыз. Тамақ ішер алдында қолымызды жуамыз. Сабынмен жуамыз. Бетімізді жуамыз. Тазалық жақсы көреміз.

Хабар 24 телеарнасы