447,60 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Демалысқа шыққан оқушыларға бос уақытты пайдалы өткізуге кеңес берілді

  • 214
  • UPD: 16:02, 17.03.2020
Демалысқа шыққан оқушыларға бос уақытты пайдалы өткізуге кеңес берілді

Елімізде пайдалы сайттар көп, деп хабарлайды «Хабар 24».

Онлайн сервистердің тізімін ҚР Президентінің көмекшісі Аида Балаева өзінің фейсбуктегі парақшасында жариялады. Ол жазбасының коронавирус індетінің таралуына байланысты карантин мен ұзақ каникулға кеткен оқушы, студенттердің қажетіне жарайтынына сенімді. Тізімнен iMektep.kz, Bilimland.kz, Kitap.kz сынды бірқатар пайдалы сайтты көруге болады. Олар танымдық мақалаларға ғана емес, көрнекі бейне және аудиожазбаларға бай. Аида Балаева қазақстандықтарға бұл онлайн жүйелерге жазылып, бос уақытты пайдалы өткізуге кеңес берді.

Хабар 24 телеарнасы