447,67 487,00 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда коронавирус жұқтырған науқас дәрігерге өзі барған

  • 822
  • UPD: 16:58, 17.03.2020
Алматыда коронавирус жұқтырған науқас дәрігерге өзі барған ТАСС

Алматыда коронавирус жұқтырған пациенттердің бірі ауруханаға өзі барған.

Бұл туралы бүгін қалалық Қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасынан мәлімдеді, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Кеше Алматыда тағы бір адамның жұқтырғаны анықталды. 1986 жылы туған әйел Алматы-Стамбул бағытындағы рейспен 15 наурызда таңғы сағат 6-да келген. Ол арнайы категорияға жатпайтын елден келген соң карантинге жатқызылмады. Кеше алынған қан талдауы оң нәтиже көрсетті», - деді басқарма басшысы Т.Әбілдаев.

Оның айтуынша, әйел тамағы жыбырлап өзін жайсыз сезінген соң қалалық клиникалық ауруханаға жатқызылған.

«Ол қызбен байланыста болғандардың барлығы анықталып, карантинге жабылды», - деді ол.

Хабар 24 телеарнасы