430,51 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада коронавирус жұқтырғандардан инфекцияның клиникалық белгілері анықталмады

  • 596
  • UPD: 18:10, 17.03.2020
Елордада коронавирус жұқтырғандардан инфекцияның клиникалық белгілері анықталмады astana.gov.kz

Елордада коронавирус жұқтырған адамдардың саны 14-ке жетті.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова ОКҚ-да өткен онлайн брифингте науқастардың жағдайы жайлы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Бүгін, яғни 17 наурыз күні коронавирус жұқтырған 14 қазақстандық анықталды. Олардың ішінде 5-еуі стационарда инфекциялық бөлімде жатқан азаматтар болатын. Сондай-ақ, 4 адам Италия, Оңтүстік Корея елдеріне кетіп бара жатқан рейстерден түсіріліп қалды. Олардың жағдайы ойдағыдай, клиникалық белгілері анықталған жоқ», - дейді Сәуле Қисықова.

Ол сөз арасында науқастар жайлы толығырақ мәлімет беріп өтті.

«Бір пациент инфекциялық блокта жедел респираторлық вирустық инфекциялы орта дәрежелі ағымы диагнозымен жатыр. Тексеру барысында коронавирус жұқтырғаны анықталды. Жағдайы орташа деңгейлі. Ал қалған 9 адам эпидемиологиялық ахуалы нашар елдерден келуіне, сол сияқты жұқтырған азаматтармен қарым-қатынаста болуына байланысты мониторинг барысында анықталды. Олардың да жағдайы ойдағыдай. Клиникалық белгілері байқалған жоқ. Науқастардың бәрі Нұр-Сұлтан қаласындағы көпбейінді медициналық орталықтағы инфекциялық стационарларға жатқызылды», - дейді басқарма басшысы.

Оның айтуынша қазіргі уақытта эпидемиологиялық іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Жаңа оқиғалар анықталған жағдайда олардың ары қарайғы тексеру, изоляциялау немесе үй карантиніне жатқызу жұмысы қарастырылады.

Қазіргі уақытта Қазақстанда коронавирус жұқтырғана адамдар саны 32-ге жетті. Осы орайда Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында төтенше жағдай режимі енгізілді.

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны артты.

Бүгін Алматыда коронавирус жұқтырған тағы 3 адам анықталған болатын.

Елімізде коронавирус жұқтырғандардың арасында екі жасар бүлдіршін де бар.

Бұған дейін 15 наурызда Ыстамбұл рейсімен келген бойжеткеннен коронавирус анықталғанын мәлімдегенбіз. 

Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 8 адамға жетті

Алматыда 12 жастағы қыздан коронавирус анықталды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасында коронавируске байланысты төтенше жағдай енгізді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жұма намазға қатысты үндеу жариялады

Төтенше жағдай кезінде елордадағы нысандар қалай жұмыс істейді

Қолма-қол ақша коронавирус тасымалдауы мүмкін – мамандар

Ірі сауда нысандары мен базарлардың жұмыс кестесі өзгереді

Хабар 24 телеарнасы