445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бақытжан Сағынтаев: Карантин біздің ортақ қауіпсіздігіміз үшін енгізіледі

  • 87
  • UPD: 19:28, 17.03.2020
Бақытжан Сағынтаев: Карантин біздің ортақ қауіпсіздігіміз үшін енгізіледі

Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин енгізілуіне байланысты оңтүстік шаһардағы кіреберістерде 27 блок бекеті орнатылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оларда Патрульдік полиция полкінің, Жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың, «Гранит» полкінің, Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық ұлан бөлімшелерінің күштері жұмылдырылады. Бірақ қалаға бірінші қажеттіліктегі тауарларды, азық-түлік өнімдерін, дәрі-дәрмектер мен медициналық өнімдерді, жеке қорғану және гигиена құралдарын әкелу үшін «жасыл дәліз» жұмыс істейтін болады.

Бақытжан Сағынтаев, қала әкімі:

- Карантин режиміне орай мегаполистің бүкіл тіршілігі жаңа ережелердің талаптарына сәйкес қайта құрылады. Карантин қолайсыздық тудырып, әдеттегі қалыптасқан тіршілік дағдысын бұзуға мәжбүр етеді. Бұған түсіністікпен қарауларыңызды сұраймын. Карантин біздің ортақ қауіпсіздігіміз, қаланың, жақындарымыздың қауіпсіздігі үшін енгізіледі. Төтенше жағдайда әрбір қала тұрғынының саналы әрекеті мен қоғамдық тәртібі өте маңызды.

Хабар 24 телеарнасы