399,51 448,90 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда 729 адам стационарлық карантинде жатыр

  • 254
  • UPD: 19:37, 17.03.2020
Алматыда 729 адам стационарлық карантинде жатыр

Алматыда бүгін 7 адамнан қауіпті вирус табылып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның ішінде коронавирус инфекциясын жұқтырған екі жасар бүлдіршін де бар. Ол Куршевель – Берлин – Алматы чартерлік рейсімен ұшып келген. 13 наурызда карантинге жатқызылған 12 адамның бірі екен. Бұл туралы Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының жетекшісі Тілеухан Әбілдаев мәлімдеді. Осылайша, Алматыда коронавируспен ауруханаға түскендердің саны 15 адамға жетті. Екеуі бұған дейін коронавирусы расталған адаммен байланыста болғандар. Олар да карантинде жатқан екен. Барлық науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Жалпы Алматыда 729 адам стационарлық, ал 760 адам үй карантинінде жатыр. Ал, кеше 1986 жылы туған Стамбул – Алматы рейсімен келген қыздан коронавирус инфекциясы анықталған еді. Қаланың Бас дәрігері ол қыздың неліктен карантинге орналастырылмағанын түсіндірді.

Тілеухан Әбілдаев, қалалық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі:

- Бұл қыз ешбір санатқа кірмейтін елден ұшып келгендіктен, үйдегі карантинге орналастырылмаған. Кеше оның зертханалық талдаулары расталды. Осылайша, ол қаланың инфекциялық стационарына емдеуге жатқызылды. Бүгінде онымен қатынаста болған барлық адамдар табылып провизорлық стационарға карантинге орналастырылды.

Хабар 24 телеарнасы