425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да тәулігіне 100 мың бетперде шығарылатын болды

  • 428
  • UPD: 22:06, 17.03.2020
ШҚО-да тәулігіне 100 мың бетперде шығарылатын болды

Шығыс Қазақстан облысында бетперде тапшылығы болмайды.

Облыстағы тігін фабрикалары тәулігіне 100 мың дана медициналық қорғаныш құралын тігуді бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нәтижесінде 15 тәулік ішінде облыс тұрғындарының сұранысы толық өтелетін болады.  Кәсіпорындарға қысқа мерзім ішінде 6 миллионға дейін бетперде тігу тапсырылды. Қазір бұл жұмыстармен өңірдегі 10-нан аса тігін фабрикасы шұғылданып жатыр.  Тігіншілер тәулік бойы жұмыс істемек.  Төтенше жағдайға сәйкес  бетперденің  басым бөлігі аймақтағы бюджеттік  мекеме қызметкерлеріне таратылмақ.  Яғни, дәрігерлер, полиция қызметкерлері, ұлттық ұлан сарбаздарына, тәрбиешілер мен мұғалімдерге тегін беріледі.

Сәуле Тағаева, фабрика жетекшісі:

- Біздің бетперделер 4 қабат дәкеден тігіледі. Фабрика материалмен толық қамтылған. Қазір күндіз-түні тігіп жатырмыз. Осы жерден бірден тапсырыс берушілерге жөнелтіледі.

Хабар 24 телеарнасы