443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бетперде сатушы алаяқтар пайда болды

  • 129
  • UPD: 22:18, 17.03.2020
Бетперде сатушы алаяқтар пайда болды

Коронавирус инфекциясына байланысты жағдайды алаяқтар өз пайдасына асыра бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен, өскемендік бойжеткен ғаламтордан, «медициналық бетперде сатам» деген хабарламаны көріп, профилактикалық бұйымды көптеп алуды жөн санайды. Осылайша, ешбір тексерусіз, 13 мың теңгені бетперде сатушы азаматтың есепшотына аударып жіберген. Сөйтіп, бетперде де жоқ, ақша да жоқ. Сан соққан қыз құқық қорғау орындарына шағым түсірді. Қазір Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша іс қозғалды. Ал алаяқ болса қолға түскен жоқ. Сондықтан полиция қызметкерлері осы бір қиын кезеңде тұрғындарға аса сақ болуды ескертеді.

Ғалымбек Тұрысбеков, қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасары:

- Ескерте кетуіміз керек,әлеуметтік желілерде өздеріңізге байланысты мәліметтерді, жеке куәліктеріңізді, банк шоттарын жарияламауды сұраймыз. Қазіргі осы болған қылмыс бойынша Ішкі істер басқармасымен қылмыстық полиция қызметкерлері іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы