428,68 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекет басшысы коронавируспен күресіп жатқан дәрігерлерге алғыс айтты

  • 744
  • UPD: 23:06, 17.03.2020
Мемлекет басшысы коронавируспен күресіп жатқан дәрігерлерге алғыс айтты zakon.kz

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусты анықтау, науқастарды емдеу және вирустың одан әрі таралмауы үшін аянбай еңбек етіп жатқан дәрігерлерге алғыс айтты.

Бұл туралы ол өзінің Twitter парақшасында хабарлады.

«Коронавирусты анықтау, науқастарды емдеу және вирустың одан әрі таралмауы үшін аянбай еңбек етіп жатқан дәрігерлерге алғыс айтамын. Үкімет осындай қызметкерлерге сыйақы беру шараларын қабылдайды», деді Президент.

Айта кетейік, бұдан бұрын Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтарды қашықтан жұмыс істеуге көшірген жөн екенін айтқан болатын.

«Төтенше жағдай режимінде қоғамның тіршілігін қамтамасыз ететін, қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті бақылайтын мекемелерден, жекелеген БАҚ-тан өзге мемлекеттік, квазимемлекеттік сектор қызметшілерінің 70%-ін қашықтықтан жұмыс істеуге көшірген жөн. Жеке кәсіпорындарға да осындай шараны қолдану ұсынылады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Хабар 24 телеарнасы