443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда 166 адам карантинге жатқызылды

  • 105
  • UPD: 08:52, 18.03.2020

Солтүстік Қазақстан облысында 166 адам дәрігер бақылауына алынып, карантинге жабылды. Оның үшеуі бірінші «А» санатына жатады.

Денсаулық сақтау басқармасы қызметкерлерінің айтуынша, жұқпалы ауруды жұқтырғандар жоқ. Өңірде сақтық шаралары күшейтіліп, қоғамдық орындарды зарарсыздандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Емдеу мекемелері 180 мың бетпердемен қамтамасыз етілген. Дәрі-дәрмек қоры екі айға жетеді. Басқа да медициналық құрал-жабдық жеткілікті.  

Нұрлан Айманов, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

- 3 мыңның маңайында защитный костюм бар, қорғайтын костюмдер. Жарты миллионнан астам перчаткалар бар. Оған қосымша әрбір стационарға 500 койка карантинный койка ашылды аудандарда. Қалада 640 карантинный койка ашылды.

Хабар 24 телеарнасы