429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысының бюджеті оңтайланады

  • 256
  • UPD: 10:44, 18.03.2020
Павлодар облысының бюджеті оңтайланады

Ертіс өңірінде жергілікті билік өкілдері бюджеттік шығындарды сарапқа салып, биыл облыстық бюджетті 2,1 млрд теңгеге оңтайландырады.

Десе де, елімізде енгізілген төтенше жағдайға орай мемлекеттік қаражатты бөлу қайта қарастырылуы мүмкін. Бұл туралы сала мамандары өңірлік мәслихаттың экономика және облыстық бюджетті жоспарлау комиссиясының отырысында хабарлады. Аймақта тиімділігі аз шығындарды оптимизациялау мақсатында,,, кейінге қалдыруға болатын жобаларға жұмсалатын қаражат өзге де маңызды мәселелерді шешуге бағытталмақ.

Мәселен, халықпен есептік кездесулер нәтижесіндегі әлеуметтік мәселелерді шешуге 838 млн теңге жұмсалмақ. Мамандардың айтуынша, бүгінгі күні тұрақтандыру қоры, медицина салаларына қосымша қаржы қажет болуы ықтимал. Бұл бағытта тиісті механизмдер қолға алынады. Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдардан шұғыл өтініштер қабылданып жатыр.

Айта кетейік, нақтылаулар нәтижесінде облыстық бюджет көлемі 231 млрд теңгеден аспақ.

Оның ішінде мақсатты трасферттер мен несиелердің көлемі 79 жарым млрд теңге. 

Мақсат Тұрлыбаев, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы:

- Заң жүзінде тиісті нормалар бар. Кейінгіге қалдыруға болатын шығындарды халық үшін маңызды салаларға, бірінші кезекте қажет тауарларды алуға бағыттайтын боламыз. Мәселен, облыстық денсаулық сақтау басқармасының қазынасында 608 млн. теңге бар. Бұл қаржыны қайта қарастыруға болады.

Хабар 24 телеарнасы