432,17 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында дәрі-дәрмек қоры жеткілікті

  • 478
  • UPD: 11:10, 18.03.2020
Алматы облысында дәрі-дәрмек қоры жеткілікті

Алматы облысында жұқпалы аурулардың алдын алатын, дене қызуын түсіретін дәрілер жеткілікті. Емдік препараттар бекітілген бағада сатылып жатыр. Аудан, қалаларда арнайы рейд өткізген комиссия өкілдері осылай деді.

Жұмыс тобы Талдықорған қаласындағы дәріханаларды да тексерді. Сала мамандары бірнеше сауда орындарын аралап шықты. Сатушылардан микробтарды залалсыздандыратын сұйықтықтар мен медициналық бетперде мен қолғаптардың бар жоғын сұрап білді. Белгілі болғандай дәріханаларда бірнеше рет қолдануға арналған респираторлы маска  ғана бар екен. Оның бағасы 700 теңге. Қазіргі таңда бұндай тауардың өтімділігі жоғары. Тұтынушылардың сұранысы да күн сайын артып келеді. Осыған орай облыс аумағындағы айына 1 жарым млн дана бетперде шығаратын кәсіпорынның қуатын екі есеге арттыру көзделіп отыр.  

Надима Белтаева, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бд басшысының орынбасары:

- Бетперде жетіспеушілігі сұраныстың артуынан туындаған. Облыстағы медициналық маска тігетін кәсіпорын үш ауысымда жұмыс істеп жатыр. Көп мөлшерде өнім шығарғандықтан оларда  шикізат жетіспеушілігі байқалады. Бүгінгі күні осы мәселе шешілу үстінде. Өңірдегі өзге тігін цехтары да бетперде тігуге кірісті. Ал микробтарды залалсыздандыратын сұйықтықтар жеткілікті. Әзірге бағасы да тұрақты.

Хабар 24 телеарнасы