412,24 465,50 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кибершабуылдарды талдау орталығы жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды

  • 246
  • UPD: 12:43, 18.03.2020

Кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығы толассыз тарап жатқан күмәнді ақпаратқа сенбеуге шақырады.

Алаяқтар Қазақстандағы коронавирустық инфекция төңірегіндегі жағдайды пайдалануы мүмкін. «КОВИД-19» туралы ақпараттық хабарламалар түрінде негізсіз сілтемелерді жібереді. Осылайша олар адамдардың дербес деректеріне қол жеткізуі ғажап емес. 

Арман Әбдірәсілов, кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығының директоры:

- Осы кезеңде өте мұқият болу керек. Кез келген ақпаратқа сенбеңіз. Себебі қазір ақпарат толассыз түсіп жатыр. Паникаға түспеу керек. Барлығын талдай білгеніміз өзімізге жақсы. Және өз жеке деректеріңізді басқаларға таратпағаныңыз дұрыс. 

Бұған дейін әлемдік БАҚ өкілдері хакерлік шабуылдардың жаңа түрі туралы хабарлады. Барлығы пошта арқылы жіберілген гиперсілтемеден басталады. Пайдаланушыға коронавирусқа қарсы вакцина туралы құжаттармен танысуды ұсынады. Оны бірнеше елдің билігі жасырып отыр деп өтірік ақпар береді. Іс жүзінде, сілтеме бойынша өткеннен кейін арам пиғылдылар кез келген деректер мен парольдерге қол жеткізеді.

Хабар 24 телеарнасы