426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ел аумағындағы ветеринариялық бақылау бекеттерінде тәртіп күшейтілді

  • 634
  • UPD: 11:56, 18.03.2020
Ел аумағындағы ветеринариялық бақылау бекеттерінде тәртіп күшейтілді

Бүгінде Қазақстан Республикасында 63 ветеринариялық бақылау бекеті бар, онда 228 мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор қызмет етеді.

ЕАЭО елдерінен тауарларды өткізу кезінде бақылауды күшейту үшін қосымша 32 ветеринариялық бақылау бекеті РФ және Қырғыз Республикасы шекарасының бойында орнатылған.

Аталмыш бақылау бекеттерін орнатуға Қырғызстандағы жануарлар ауруы бойынша тұрақсыз жағдай және шекараның Ресей жағы бөлігінде алдын ала хабарлау пункттерін құруы себеп болды.

2020 жылдың басынан бері қосымша орнатылған 32 ветеринарлық бақылау бекетінде 19,5 мың тонна тауар, миллионға жуық мал мен құс, 32,3 млн тауық жұмыртқасын тасымалдаған 2 663 автокөлік тексерілді. Нәтижесінде инспекторлар 93 автокөлікті кері қайтарып, жалпы сомасы 835 065 теңгеге айыппұл салды.

Анықтама: 2019 жыл бойы ветеринарлық бақылау бекеттерінде 755 мың тоннаға жуық жүк, 623,5 мың бас мал мен құс, 70,7 млн жұмыртқа тасымалдаған 6 863 автокөлік тексеріліп, оның 213 жүк көлігі кері қайтарылып, миллион теңгеден астам айыппұл салынды.

Бұдан басқа, Қазақстанның Өзбекстан Республикасы және ҚХР мемлекеттік шекарасы бойында 31 сыртқы ветеринарлық-бақылау бекеті жұмыс істеп тұр (14 - автожолда, 6–темір жолда, 2 – теңіз портында, 9 – халықаралық әуежайларда).

Бұл бекеттерде бақылауды 88 мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторлар жүзеге асырады.

16.03.2020 жылғы жағдай бойынша сыртқы бекеттерде 1 286 автокөлік құралы, 766 бірлік темір жол көлігі, 55 теңіз жүгі қаралды. Жалпы сомасы 79 530 теңгеге әкімшілік құқық бұзушылық туралы 6 хаттама толтырылды (жүктерді ілеспе ветеринариялық құжаттарсыз тасымалдағаны үшін, ветеринариялық рұқсаттың болмауы, жүру бағытын сақтамағаны, дезинфекция актісінің болмауы, құлақ сырғаларының және т. б. болмауы), бақылаудағы жүгі бар 25 автокөлік кері қайтарылды.

Анықтама: 2019 жылы сыртқы бекеттерде 10 775 автокөлік құралы, 5 487 темір жол құралы, 306 құрғақ жүк, 2 жүк авиакөлігі тексерілді. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы жалпы сомасы 1 129 937 теңгеге 106 хаттама толтырылып, бақылаудағы жүгі бар 55 автокөлік кері қайтарылды.

Барлық 63 бақылау-өткізу бекеттерінде ветеринариялық инспекторлар жүктерді тексеру актілерін автоматты режимде толтырады және оларды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпараттық жүйесіне енгізетінін еске саламыз.

Ақпарат көзі: ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы