411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қашықтан жұмыс істеуге ауыстыруға мүмкіндік болмаса, жұмыс уақытын қысқартуға болады – министр

  • 350
  • UPD: 12:10, 18.03.2020
Қашықтан жұмыс істеуге ауыстыруға мүмкіндік болмаса, жұмыс уақытын қысқартуға болады – министр

Қазақстанда коронавирустың таралуына байланысты барлық мекемелер мен ұйымдар қашықтықтан жұмыс істеуге мүмкіндігі болса, жұмысшыларын қашықтан жұмыс істеу режиміне ауыстыруы керек.

Бірақ ол жұмысшылардың еңбек ақысына ешқандай әсерін тигізбейді.

«Жұмысшыларды қашықтықтан жұмыс істеуге көшіруге мүмкіндік болмаса, жұмыс беруші өз тарапынан қысқартылған жұмыс уақытын белгілеуге құқылы. Бұл Еңбек кодексінің 70-бабымен реттеледі. Жұмыс беруші аптасындағы жұмыс күнінің санын азайту немесе бір жұмыс күнінің ішіндегі сағатын азайтуына болады. Бұл жағдайда жұмыс істеп жүрген азаматтар жалақыны сол атқарылған жұмыс уақытына сәйкес алады», - деді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ОКҚ онлайн баспасөз мәслихатында.

Хабар 24 телеарнасы