443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысында салық декларациясын тапсыру 30 күнге шегерілді

  • 100
  • UPD: 16:10, 18.03.2020
Павлодар облысында салық декларациясын тапсыру 30 күнге шегерілді

Елімізде коронавирустың тіркелуіне байланысты салық төлеушілерге мемлекеттік қолдау шаралары қарастырылды.

Ертіс өңірінде салық органдарындағы терминалдарда халықтың көп жиналуына жол бермеу және сақтық шараларын күшейту мақсатында декларацияларды тапсыру 30 күнге шегеріледі. Бұл шара жеке, шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында қолға алынды. Сонымен қатар, Салық кодексі негізінде қарыздар кейінгіге қалдырылса, олар үшін өсімпұл есептелмейді. Бүгінде салық мекемелері жұмысшыларының да жұмыс кестесі қарастырылып жатыр. Мамандардың айтуынша, тұрғындарға салықтық міндеттемелерді электронды формада орындау туралы ұсыныстар жасалуда. Қазіргі уақытта облыста 21 мыңнан астам жеке кәсіпкер тіркелген. Бүгінде жеке кіріс салығы шамамен 11 млрд. теңгені құрайды. Бұл облыстық бюджетке түсетін қаражаттың 5 проценті ғана.

Галина Бирюкова, облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің ресми өкілі:

– Декларацияны тапсырудың бірнеше жолы бар. Салық төлеушілер есептерін электронды тәсілдер, нақтырақ айтқанда электронды үкімет порталы, жеке кабинеттері арқылы да ұсына алады. Қазіргі уақытта салық органдарында халық көп жиналмас үшін терминалдардың жұмысы уақытша тоқтатылды.

Хабар 24 телеарнасы