427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елорда сыртындағы карантиндік бақылау бекеттері белгілі болды

  • 499
  • UPD: 16:47, 18.03.2020

Бүгін түнгі сағат он екіде Нұр-Сұлтан қаласында карантиндік режим күшіне енеді. Бұл шара коронавирус індетін басқа қалаларға таратпау үшін жасалып отыр. Еліміздің бас қаласына кіре беріс жолдардағы бақылау өткізу бекеттерінде көлік қозғалысына шектеу қойылады.

Ақсәуле Байменшина, тілші:

- Қазір сағат күндізгі 11:00. Түңгі сағат 00:00-де қала карантинге жабатыны туралы хабарландыру жасалды. Біз мына бекетке келіп тұрмыз. Алайда есігі жабық. Біздің көзімізше бірнеше көлік тоқтап, жүргізушілері ақпарат алғылары келді. Алайда ақпарат беретін адам жоқ.

Бақылау өткізу бекетінің есігін ақыры ешкім ашпады. Терезден қараған бір адам, өзінің ешқандай ақпарат білмейтінін айтты.

Ұзын жолдың бойымен өтіп жатқан көліктер тоқтап, нақты ақпарат біле алмай жүр. Кейбірі карантиндік режім туралы бізден сұрады.

Әзірге дайындық жұмыстары байқалмайды. Әдеттегідей уақыты тақағанда қозғалатынға ұқсайды. Жалпы Нұр-Сұлтан қаласының айналасында 6 бекет болады. Оның бірі Талапкер ауылы маңында «Екатеринбург-Алматы» тас жолында. Екіншісі «Нұр-Сұлтан-Петропавл» бағытына шығар жолда. Тағы біреуі «Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті» жолында. «Нұр-Сұлтан-Қорғалжын» тасжолында бір бекет орналасады. Қалған екеуі «Нұр-сұлтан-Киевка-Теміртау» бағыты мен «Екатеринбург-Алматы» бағытындағы ұзын жолдың бойында болады. Қандай көліктер өте алады. Кімге тыйым салынады. Жол бойында тұрған көліктік бақылау инспекциясының өкілдері де әзірге ештеңе айта алмаймыз дейді.

Кешеден бері көлік ағаны азайды. Кешке немесе түс қайта келіп айтатын шығар деп ойлап отырмыз. Шекара жабылғаннан кейін көрші елдің көліктері азайды. Ал өзі еліміздің көліктері әлі ағылып қалаға кіріп жатыр. 

Айта кетейік, карантин кезінде көп нәрсеге шектеу қойылады. Ең бастысы, халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету үздіксіз жүргізіледі.

Авторлары: Ақсәуле Байменшина, Арман Ақшабаев

Хабар 24 телеарнасы