447,60 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атыраулықтар медициналық масканы ұлттық нақышта тігіп жатыр

  • 173
  • UPD: 16:53, 18.03.2020

Атыраулық волонтерлер ұлттық нақыштағы, яғни қазақы ою-өрнек салынған бірнеше рет пайдалануға жарамды медициналық бетперделер тігіп шығарды.

Ол өнімдер әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға тегін таратылады. Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы берген тізім бойынша волонтерлер тұрғындарға бетперде үлестіруді бастады. Артық қалса әлеуметтік желі арқылы сатылымға шығарып, түскен қаражатты қайырымдылық жобаларға жұмсамақ. Оларға «Іскер ана» әлеуметтік жобасына қатысушылар да көмекке келді. Әзірге 40 дана бетперде тігілді. Бұлардың басты артықшылығы оны жуып, қайтадан пайдалануға болады. Жаңа өнімнің өтімділігін арттыру мақсатында тігіншілер оған ұлттық ою-өрнектер тіккен. Қазір қала бойынша медициналық бұйымдар тек төрт дәріханада ғана сатылып жатыр. Ол 270 мыңнан аса тұрғыны бар қала үшін жеткіліксіз. Сол себепті біз жұқпалы індеттің таралмауына өз үлесімізді қосқымыз келеді,-дейді волонтерлер.   

Асыл Дүзбаева, дизайнер:

- Жалпы біздің мақсатымыз қанша тіге аламыз, сонша халыққа тарату болды. Біз қоғамдық қорларға хабарлысып, солар арқылы тарататын болып шештік. Өйткені, мына жерде барлығына тарату мүмкін болмай кетті. және үлгермей жатырмыз. Осы жағдайдан кейін тағы бір ой келді. Неге осыны челендж қылып, әрі қарай жалғастырмасқа, өйткені Атыраудың өзінде қанша ательелер бар, шеберханалар бар.

Хабар 24 телеарнасы