426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тұтынушы құқығын қорғау туралы заңға өзгерістер енгізіледі

  • 356
  • UPD: 16:11, 18.03.2020
Тұтынушы құқығын қорғау туралы заңға өзгерістер енгізіледі

Алдағы уақытта тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі заңға өзгерістер енгізіледі.

Себебі соңғы кезде мүдделерінің бұзылған айтып шағымданатын азаматтардың қатары көбейген. Халықтың 64 проценті құқықтарын қорғай бермейді. Бұл бағытта кей тұтынушылардың мемлекеттік органдарға деген сенімі де төмендеген. Сатып алушылардың құқықтары неге жиі бұзылады? Біріншіден бұл салада тұтас тиімді жүйе жоқ. Кәсіпкерлер мен сатушылардың жауапкершілігі төмен. Олқылықтарды жою мақсатында мәжілісте бүгін заң жобасы қаралды. Құжатты депутаттар бірінші оқылымда мақұлдады. Заң жобасында үш саты бар. Біріншісі дауды сотқа дейін шешу. Екіншісінде шағымды уәкілетті орган аясында реттеу. Ол үшін әкімдіктерге әкімшілік шараларды қолдану құзыреті беріледі. Ал үшінші сатыда шағым сотқа жіберілмек. Бірақ даудың бәрін алғашқы екі сатыда шешуге басымдық беріледі. Осылайша заң жобасында тұтынушы шағымын 10 күн ішінде қарау көзеделген.

 

Хабар 24 телеарнасы