399,51 448,90 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында жазасын өтеушілер медициналық бетперде тігуге кірісті

  • 219
  • UPD: 16:15, 18.03.2020
Алматы облысында жазасын өтеушілер медициналық бетперде тігуге кірісті

Алматы облысындағы бірқатар фабрика мен тәртіппен түзеу мекемелеріндегі тігін цехтары бетперде тігу ісіне жұмылдырылды.

«Мемлекеттік тапсырыс көп болғанымен, оны бірер күнге ысыра тұруға тура келіп тұр. Тапшылық кезінде жұқпалы індеттің алдын алуға атсалысуды азаматтық парызымыз деп есептейміз» дейді тігіншілер. Ал Алматы облысының Іле ауданындағы «Дольче Фарм» кәсіпорыны бетперде өндірісінің көлемін екі есеге дейін ұлғайтты. Бұл кәсіпорын өткен айдың өзінде 1,5 млн дана бетперде өндірген. Нарықта медициналық бұйымның күрт азаюына себепші болған тұлғалар анықталып, оларға қарсы тиісті шаралар қолданылып жатыр.

Ғалымұрат Жүкел, облыс әкімінің баспасөз хатшысы:

 – Олар өз кезінде арзан бағаға сатып алып, қазір 120 теңгеге сатуға құлық танытуда. Біз олардың бәрін анықтадық. Тиісті хат жолдадық. Оларға қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде қарастырылған барлық жауапкершілік жүктеледі.

Хабар 24 телеарнасы