447,60 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәжілісмендер онлайн жұмыс тәртібіне көшті

  • 109
Мәжілісмендер онлайн жұмыс тәртібіне көшті

Елімізде төтенше жағдайдың және Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантиннің жариялануы – Мәжіліс жұмысын жаңа форматқа көшірді.

«Бұл тәртіп заң шығару жұмысының сапасы мен қарқынына кері әсерін тигізбейді», – деді палата төрағасы Нұрлан Нығматулин.

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысы тек онлайн режимде өтті. Жайшылықта абыр-сабыр болып жататын Парламент дәліздерінде де адам көп болмады. Залда да шектеу бары бірден байқалады. Үкімет мүшелері мен мемлекеттік орган және үкіметтік емес ұйым өкілдеріне арналған орындар бос тұрды. Отырысқа депутаттар мен заң жобасын баяндайтындар ғана қатысты. Енді жалпы отырыстар мен комитет жиындары Мәжіліс сайты арқылы онлайн режимде көрсетіледі. Парламенттік тыңдаулар мен үкіметтік сағаттар кейінге шегеріледі. Депутаттар мен аппарат қызметкерлерінің іс сапарларына тыйым салынады. Мәжіліс аппараты қызметкерлерінің 70 проценті қашықтан жұмыс істейді. Қалғандары қысқартылған жұмыс уақыты бойынша қызмет атқарады.

Хабар 24 телеарнасы