426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан шекарасында санитариялық-карантиндік пункттер құрылады

  • 207
  • UPD: 16:28, 18.03.2020
Қазақстан шекарасында санитариялық-карантиндік пункттер құрылады ҚР ИИДМ

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу бекеттерінде санитариялық-карантиндік пункттерді құру шараларын қолға алды.

Арнайы карантиндік аймақтар құрылатын өткізу бекеттерінің тізімін Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия бекітетін болады. Бұдан бөлек жекелеген өткізу пункттерін уақытша жабу мүмкіндігі қаралмақ.

Қазақстанның мемлекеттік шекарасында барлығы 51 өткізу бекеті бар. Оның 37-сі Еуразиялық экономикалық одақ елдері (Ресей Федерациясы, Қырғызстан Республикасы) шекарасында, 14-і Қытай Халық Республикасы, Өзбекстан және Түрікменстан елдері шекарасында орналасқан.

Хабар 24 телеарнасы