411,61 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордада санитарлық талап күшейтілді

  • 304
  • UPD: 17:46, 18.03.2020
Қызылордада санитарлық талап күшейтілді Túrkistan

Қауіпті індетке орай Қызылордада қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған медициналық-әлеуметтік және оңалту орталықтарына баруға тыйым салынып, санитарлық талап күшейтілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Адам арылмайтын нысанның бірі халыққа қызмет көрсету орталықтарында да сақтық шаралары қолға алынған. Аймақ бойынша аталған мекеменің 375 қызметкері бетперде және антисептикалық құралдармен қамтылып, таңғы 9 бен кешкі 8 аралығында күніне 2 мыңдай келушіні қабылдап жатыр. Орталық мамандары тұрғындарға электронды қызмет түрлерін көптеп пайдалануға кеңес береді. Жалпы залалсыздандыруға келсек, облыс көлеміндегі барлық әуежай, авто және теміржол вокзалдары кешенді тазалаудан өткізілді. Сауда алаңының аумағы 2 мың шаршы метрден асатын 30 ірі нысанға ұдайы дезинфекция жасалып жатыр. Өңірдегі кәсіпкерлік құрылымдарының жұмыс кестесіне шектеулер енгізілді.

Мұрат Тасықараев, облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының орынбасары:

– Осы 30 нысанға сағат 10-00 мен 18-00 аралығында шектеу жөнінде және азық-түлік емес базарлардың мерзімін 11-00 мен 17-00 аралығында шектеу жөнінде жұмыстар басталды. Облыстағы 200-ге жуық қоғамдық тамақтану орындары: кафе, лаунж-бар, асхана тағы басқа ұйымдар жұмысы 22-00 дейін шектеп, бір мезетте келушілер санын 50 адамнан асырмау жөнінде түсіндірме басталды.

Хабар 24 телеарнасы