424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордаға кіретін барлық жер жабылып, қадағалау бекеттері қойылды

  • 432
  • UPD: 17:38, 18.03.2020
Елордаға кіретін барлық жер жабылып, қадағалау бекеттері қойылды

Нұр-Сұлтан қаласында коронавирустың таралуын болдырмау мақсатында қалаға кіруге және шығуға шектеу қойылды.

«Осыған байланысты қалаға кіретін барлық жерлер жабылып, 6 арнайы қадағалау бекеті қойылды. Ол жерлерде тәулік бойы Қорғаныс министрлігінің әскерлерімен бірге полиция қызметкерлері жұмыс істейді. Бұл бекеттер елорда маңындағы Жібек жолы, Қосшы, Қараөткел, Талапкер және Қоянды ауылдарының маңында орналасқан», - деді Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің басшысы Ержан Сәденов.

Ал қалаға кімдердің кіріп-шығуына рұқсат берілгендігі туралы мына жерден оқуға болады.

Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантин режимі енгізілді

Соңғы мәліметтер бойынша Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандар саны 36-ға жетті

Хабар 24 телеарнасы