412,24 465,50 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елорда аялдамаларын зарарсыздандыру жұмыстары күнде жүргізіледі

  • 414
  • UPD: 19:57, 18.03.2020
Елорда аялдамаларын зарарсыздандыру жұмыстары күнде жүргізіледі

Қазір қалада мұндай 1000-нан аса тұрақ бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оларды дезинфекциялауға 3 компания ниет білдіріпті. Әзірге бұл қызмет тегін көрсетіледі. Қорда арнайы сұйықтықтар жеткілікті. Бір ұйымнан 30 адам және екі дезинфекциялық техника жұмылдырылыпты. Техникаларға 4000 тонна хлорды сұйықтық сияды екен. Ал зарарсыздандыру жұмыстары күнде жүргізіледі.

Еске салайық, қаладағы жүзден аса жылы аялдама қазір жабық және олардың іші-сырты дезинфекциялануда.

Шәміл Ғазизаев, зарарсыздандыру компанияының басшысы:

– Ең алдымен адам көп шоғырланатын орындарды заласыздандырамыз. Елордада 1010 аялдама бар. Бұл жұмыстар бір ай бойы жалғасады. Күн сайын барлық аялдаманы тазалап шығуға тырысамыз. Әзірге қолда бар құралдарымен жұмыс істеп жатырмыз. Қажеттілік болса, жаңасын алуға мүмкіндік бар.

Хабар 24 телеарнасы