417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көкшетаулық дәрігерлер онлайн кеңес беруге көшеді

  • 303
  • UPD: 23:17, 18.03.2020
Көкшетаулық дәрігерлер онлайн кеңес беруге көшеді pp4life.ru

Ақмола облысының дәрігерлері науқастарға онлайн кеңес беруге көшеді.

Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сүлен Ілиясов мәлімдеді. Оның айтуынша, саланы цифрландыруға бағытталған шара облыс орталығындағы білікті мамандарға аудан-ауылдардан келетін тұрғындар үшін жасалып отыр. Қазір жүйенің кейбір мәселелері ай-ти мамандарымен талқылануда. «Оған қоса, медицина қызметкерлерінің қашықтықтан жұмыс істеу жағы да қарастырылып жатыр», дейді аймақтың бас дәрігері. Бұған алдымен әкімшіліктегі мамандар ілігеді. Ал емдеу мекемелеріндегі дәрігерлер үшін халықпен қарым-қатынас мүмкіндігінше шектеледі. Айта кетейік, Ақмола облысында қауіпті вирусқа байланысты жағдай бірқалыпты. Стационарлық карантинде қазір 31 адам жатыр. Олардың 16-сында ауру белгілері анықталған жоқ. Ал қалғандарының сараптама қорытындысы бүгін кешке дейін дайын болады.

Сүлен Ілиясов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

– Үй карантинінде бізде 34 адам отыр. Олардың барлығы бақылауға алынған. Тек кеше түнде Мәскеуден Атбасарға қыдырып келген бір отбасының үй жағдайында оқшауланатын мүмкіндігі болмаған соң, екі ересек адам мен бір баланы аудандық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшесіне жатқыздық.

Хабар 24 телеарнасы