412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтандағы коронавирус жұқтырған науқастардың жағдайы айтылды

  • 429
  • UPD: 19:26, 18.03.2020
Нұр-Сұлтандағы коронавирус жұқтырған науқастардың жағдайы айтылды zik.ua

Елордада коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастардың жағдайы туралы Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтып берді.

«Осы уақытқа дейін Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 18 адамнан коронавирус анықталды. Олардың барлығы стационарда жатыр. Дене температуралары қалыпты шамада. Шағымдары жоқ. Барлық науқас дәрігерлердің қатаң қадағалауында», - деді ол.

Айтуынша, 14 науқас 30-48 жас аралығында, 2 науқас 50-59 жас аралығында. Науқастардың арасында 18-27 жас аралығындағы 1 адам бар. Сонымен қатар 14 жастағы 1 жасөспірім бар.

Хабар 24 телеарнасы