418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматылық ақ халаттылар күн сайын шамамен 3 мың шақыртуға барады

  • 323
  • UPD: 22:03, 18.03.2020

Алматылық дәрігерлер сырттан келген азаматтарды күні-түні бақылауда ұстап, күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Ақ халаттылар күн сайын басын қатерге тігіп, қауіпті кеселдің таралып кетпеуіне барын салуда. Алматыда карантиндегі қазақстандықтарды орналастыратын 4 уақытша стационар жұмыс істеп тұр. Ондағылардың көбісінің оқшаулау уақыты аяықталуға жақындап қалған. Және карантиннен 300-ден аса адам үйлеріне қайтарылды.  

Індет туралы хабар тарасымен көпсалалы аурухана дәрігерлері алғашында Қытайдан келген студенттерді қабылдады. Олардың бәрі аурудан дін аман болғанына қуандық дейді дәрігерлер. Соңғы рет Италиядан келген жолаушылар екі апталық карантинге алынған. Олар елімізге бірнеше күн бұрын келген. әр бокста екі адамнан жатыр.

Қазима Кажикенова, медициналық қызмет сапасын бақылау бойынша директордың орынбасары:

–10 ақпаннан бері бізде 530-дан артық адам карантинде болды. Оның қазір 320-330-дан артығы шықты. Қазір 200-ге таяу адам жатыр. Коронавирус ешкімнен анықталған жоқ. Бәрінің дені сау.

Жолаушылардың барлығы тиісті зертханалық сараптамадан өтеді. Ал дәл осы уақытта стационарға жатқызылған азаматтардан ауру белгілері анықталмаған. Дегенмен карантинде жатқандармен үнемі байланыс жасайтын дәрігерлердің өз бастарын қауіпке тігіп жүргенін айту керек.

қала тұрғыны:

– Короновирус бойынша дұрыс шара қолданып жатыр деп есептеймін. Өйткені мұндай шараларды басқа елдер қолданған жоқ. Қазақстан дұрыс шараларды қолға алып жатыр деп ойлаймын.

Карантиннен бостылғандар әрі қарай тұрғылықты жерлері бойынша 10 күн бойы дәрігерлердің бақылауында болады. Қиын сәтте азаматтардың амандығын қамтамасыз ету үшін жедел жәрдем қызметі де үзіліссіз жұмыс істеуде. Дәрігерлер күн сайын шамамен 3 мың шақыртуға барады. Дегенмен өз қауіпсіздігімізді де ұмытпаймыз дейді жедел жәрдем дәрігерлері. Олар қорғаныс құралдарымен толық қамтамасыз етілген.

Авторлары: Гүлжан Гөленқызы, Эдуард Кон

Хабар 24 телеарнасы