412,24 465,50 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда сот істері қашықтан қаралады

  • 269
  • UPD: 23:43, 18.03.2020
Петропавлда сот істері қашықтан қаралады

Солтүстік Қазақстан облысындағы соттар да онлайн режимге көшті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді барлық істер қашықтан қаралады. Жұқпалы аурудың алдын алу үшін судьялар мен қызметкерлер бетпердемен жұмыс істейді. Төтенше жағдайға байланысты азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдауға да шектеу қойылды. Сонымен қатар кейбір процестер кейінге шегерілді. Мамандар өтініштерді мүмкіндігінше сот кабинеті арқылы беруді сұрап отыр. Қазір ғимараттарға гигиеналық заттар қойылып, сақтық шаралары күшейтілді.

Гүлзия Едрісова, облыстық соттың судьясы:

– Бұдан бөлек, біз барлық іссапар, семинар, конференция, тағылымдамадан өту шараларын кейінге қалдырдық. Жылжымалы сот отырыстарына тыйым салынды. Қазір бәрі біз бен сізге байланысты. Сондықтан бұл жағдайға түсіністікпен қарайық.

Хабар 24 телеарнасы