412,24 465,50 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыға кіріп-шығуға арнайы рұқсат қағаздары берілмейді

  • 385
  • UPD: 00:59, 19.03.2020

Алматы қаласына кіріп-шығуға арнайы рұқсат қағаздары берілмейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Естеріңізге салсақ, қала шекарасы бүгін түнде 00:00-де толығымен жабылады. Және осыдан кейін жеке көлікпен қаладан шығуға тыйым салынады. Себебі олардың санитарлық өңдеуден өтіп, медициналық тексерісін қадағалау мүмкін болмайды. Сонымен қатар 21 наурыз сағат 23:59-ға дейін әуе және темір жол қатынасымен қаладан шыққан жолаушыларды өңірлердегі әуежай-вокзалдар толық санитарлық өңдеу мен медициналық тексеріспен қарсы алады. Бұл туралы бүгін мемлекеттік комиссия төрағасы еліміздің қалалары мен облыс әкімдеріне нақты тапсырма берді.

Ерлан Қожағапанов, Алматы қаласы әкімінің орынбасары:

– Ұзын-сонар кезектің пайда болатынын түсінеміз. Сондықтан қаладан кеткісі келетіндер тезірек әрекетке көшкендері дұрыс. Ал облыс әкімшіліктері, мемлекеттік комиссияның тапсырмасын орындау үшін тиісті шараларды орындауға шақырамын. Яғни шетелден келген рейстерді біз қалай күтіп алдық, дәл сондай қауіпсіздік шараларын жүргізулері тиіс. Тепловизорлар мен қажетті сынамаларды жасақтап қоюлары керек. Олар өңірлерде бар. Қаладан бері қарай келгендерді күтіп алып, вирустың өзге қалаларға тараламауын жіті қадағалау керек.

Хабар 24 телеарнасы