423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Ақтөбе облысының кәсіпорындары жаңа жұмыс тәртібіне көшіп жатыр

  • 662
  • UPD: 08:08, 19.03.2020

Ақтөбе облысының кәсіпорындары мен компаниялары жаңа жұмыс тәртібіне көшіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қызметкерлер бұрынғыдай жұмыс орнында емес, енді үйде отырып-ақ өз міндеттерін атқара береді. Бұл еңбеккерлерді қауіпті дерттен қорғаудың қамы. Бірақ өндіріс пен табыс көлемі азаймауы тиіс.

Әйгерім Самбаев енді үйде отырып жұмыс істейтін болады. Ұзақ жыл бойы танымал компанияда еңбек еткен тәжірибелі маманға бүгін басшылық өкілдері компьютер мен ноутбук бөліп, интернет желісіне қосып берді. Ал, еңбек кестесінде айтарлықтай өзгеріс жоқ. Күндегідей мемлекеттік сатып алу процесін бақылап, тиісті міндетін атқара береді.

Әйгерім Самбаева, сарапшы:

- Менің үйде отырып жұмыс істейтінім туралы өткен дүйсенбіде белгілі болды. Мамандардың қауіпсіздігі үшін жасалғанын естігенде басшылықтың бұл шешімін құптадым. Содан бері дайындалдық. Қашықтықтан қызмет етудің еш қиындығы жоқ деп ойлаймын. Бұған да үйренуге болады.

Жаңа жұмыс кестесіне көшкен ұйымдардың арасында облыстағы мұнайгаз өндіретін ірі кәсіпорын да бар. Компанияның қаладағы кеңселерінде қызмет ететін мамандардың жартысы қашықтан еңбек етуге ауыстырылған. Әдетте қаптап жүретін бас ғимаратында да 200-ге жуық адам қалыпты. Олардың қауіпсіздігін қамту үшін дезинфекция жұмыстары күшейтіліп, қызуының бар-жоғы күніне бірнеше мәрте тексеріледі. Ал, үш бірдей аудандағы кен орындарында вахталық әдіс бойынша еңбек ететін бес мыңнан астам жұмысшы үшін қалыпты кесте қала бермек. Бірақ олар да басшылықты басты назарында.

Биболат Қоңыратбаев, Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бөлімінің басшысы:

- Барлық жағдай тұрақты. Өйткені бізге сол дерттің кіруіне қарсы шаралар жасалған. соң. Автобустарда, пойыздарымызда вахта ауысатын кезде дезинфекция жасалып жатыр. Күнделікті адам тасымалдау көліктерін дережим күшейтіліп, сондай қосалқы және күрделі шаралар қолданылып жатыр.

Жұмысбасты азаматтың қауіпсіздігін сақтау жергілікті биліктің де басты назарына алынған. Президент тапсырмасынан кейін қашықтан еңбек ету тәртібіне көшкендердің саны күрт артты. Қазірдің өзінде ондаған кәсіпорындар мен шағын және орта бизнес саласындағы компаниялар қызметкерлерінің жартысынан астамын жаңа жүйеге ауыстырған. Бірақ жоспарланған өндіріс көлеміне жету әрдайым бақылауда болмақ. Қажет болса, қолдау да көрсетіледі. Әсіресе, кәсіпкерлік саласына қомақты қаржы бөлінетіні бұған дейін де жария етілген болатын

Қайрат Бекенов, облыс әкімінің орынбасары:

- Мысалы орта бизнесті алатын болсақ, 360 млн теңгеге дейін несие алатын болса, 85%-ке дейін кепілдік берілуде және барлық бағдарламалар бойынша қарапайым экономика бағдарламасы немесе Жол картасы аясында 6%-ке дейін несие берілуде. Бұл жаңа қолдау тетігі және салық жағынан қолдау да бар.

Коронавирус инфекциясынан сақтанудың бір жолы ретінде қолға алынған бұл шара еңбек өнімділігін одан әрі арттыруға ықпал етеді деген үміт бар. Алдағы уақытта, қашықтықтан еңбек етуші кеңсе қызметкерлерінің саны әр кәсіпорында 70%-ке дейін жетпек. Бүгінде облыстағы 900-ге жуық өнідіріс орындарында 80 мың, ал шағын және орта бизнесте 140 мыңнан астам адам еңбек етеді.

Авторлары: Әнуарбек Мырзатайұлы, Әйбек Даутов

Хабар 24 телеарнасы