411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да сот істері қашықтан қаралатын болды

  • 188
  • UPD: 08:05, 19.03.2020
СҚО-да сот істері қашықтан қаралатын болды

Солтүстік Қазақстан облысындағы соттар да онлайн режимге көшті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді барлық істер қашықтықтан қаралады. Жұқпалы аурудың алдын алу үшін судьялар мен қызметкерлер бетпердемен жұмыс істейді. Төтенше жағдайға байланысты азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдауға шектеу қойылды. Кейбір процестер мүлдем кейінге шегерілді. Мамандар өтініштерді мүмкіндігінше сот кабинеті жүйесі арқылы беруді сұрап отыр. Қазір ғимараттарға гигиеналық заттар қойылып, сақтық шаралары күшейтілді.

Гүлзия Едрісова, облыстық соттың судьясы

Бұдан бөлек, біз барлық іссапар, семинар, конференция, тағылымдамадан өту шараларын кейінге қалдырдық. Жылжымалы сот отырыстарына тыйым салынды. Қазір бәрі біз бен сізге байланысты. Сондықтан бұл жағдайға түсіністікпен қарайық.

Хабар 24 телеарнасы