418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбелік химия пәнінің мұғалімі онлайн дәріс беруде

  • 306
  • UPD: 09:00, 19.03.2020

Ақтөбелік ұстаз Ғалымжан Төлеуішев Назарбаев зияткерлік мектебінде еңбек етеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған дейін ол жоғарғы сыныптарды жауапты емтихандарға бейнетаспа арқылы даярлаған болатын. Енді бұл тәжірибесі күнделікті сабақ үшін де пайдалы боп тұр.

Ғалымжан Төлеуішов мұндай дәрістерді өзінің интернеттегі парақшасында жиі өткізіп тұрады. Себебі кез келген көрермен теориялық біліммен қатар түрлі химиялық тәжірибені тамашалағанды ұнататыны белгілі. Алғашында оқушыларға қосымша ақпарат болсын деген бастама қазір көпшіліктің көңілінен шыққан. Оның себебін мұғалім химия пәнін қазақ тілінде жетік түсіндіретін ақпараттық арналардың аз болуымен түсіндіреді.

Ғалымжан Төлеуішев, химия пәнінің мұғалімі:

- Менің оқушыларым көп болса қазір елу шақты шығар. Қалғанының барлығы шеттен келген. Көбіне соңғы кезде оқушылардан сұраныс түсіп жатады. 11 сынып бойынша, ҰБТ бойынша видео түсіріп бере аласыз ба деп. Арасында соларға қатысты да видео түсіріп, каналыма саламын.

Жас ұстаз оқушылар демалысқа кеткен уақытын пайдаланып, кезекті видеодәрістерін түсіруге кіріскен. Алдағы 3 ай ішінде 8-сыныптың кестелік тақырыптарын шығаруды жоспарлап отыр. Себебі, қашықтан білім беру қажеттігі туған сәтте интернет таптырмас көмекші.

Ғалымжан Төлеуішев, химия пәнінің мұғалімі:

- Енді келесі тоқсан, сегізінші сыныпта біз көміртегі бойынша тақырыптар өтеміз. Сосын су бойынша. Соған қатысты видеолар түсірейін деп отырмын.

Сондықтан жас педагогтың интернет парақшасындағы мыңға жуық көрермені үшін 8-сынып тақырыбын терең игеруге мүмкіндік туындайды. Күнделікті онлайн байланысқа шығу арқылы оқушылардың сұрақтарына да жауап беруге дайын.

Авторлары: Мансұр Есқожин, Айнадин Молдабеков

Хабар 24 телеарнасы