411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордаға 22 наурызға дейін әуе және теміржол қатынасы арқылы кіруге және шығуға болады

  • 224
  • UPD: 11:42, 19.03.2020
Елордаға 22 наурызға дейін әуе және теміржол қатынасы арқылы кіруге және шығуға болады

Елорда тұрғындарына қаладан шығуға және кіруге әзірше уақыт бар.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бахтияр Макен ОКҚ брифингінде мәлімдеді.

«Алдағы 72 сағат ішінде авиа және теміржол қатынастары арқылы қаладан кетуге немесе келуге мүмкіндік беріліп отыр. 22 наурыздан бастап барлық санаттағы тұрғындардың қала аумағына кіруіне және шығуына толық шектеу қойылады», - деді ол.

Жолаушылар пойыздары қала арқылы өтетінін, бірақ олар қалаға тоқтамайтынын айтып өтті.

Ал азық-түлік тасымалдайтын көліктер арнайы жасыл дәліз арқылы қатынайды.

Нұр-Сұлтан мен Алматы карантинге жабылды

Жолаушыларға теміржол билеттерінің құны толық қайтарылады

Карантин кезінде қай елді мекендердің тұрғындары елордаға қатынай алады

Елордада қала маңына қатынайтын автобустар қалай жүреді

Қазақстан бірқатар елмен жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауды тоқтатты

Хабар 24 телеарнасы