425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қауіпсіздікті нығайтуға Қарулы күштер тартылды

  • 470
  • UPD: 13:47, 19.03.2020
Қауіпсіздікті нығайтуға Қарулы күштер тартылды

Елорда мен Алматыда коронавирусқа қарсы күреске Қарулы күштердің биологиялық бөлімшелері жұмылдырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Арнайы техника, құралдармен жабдықталған жеке құрам қажет деп табылған нысандарда дезинфекция жүргізуге дайын. Әскери медициналық мекемелер де тиісті жәрдем көрсетуге сақадай-сай отыр. Бұл мақсатта 24 бригада құрылған. Денсаулық сақтау министрлігімен өзара іс-қимыл жоспары пысықталды. Әскери қызметшілер полицейлермен бірге патрульдеуге қатысып, карантиндік аймақтарда блок-бекеттер жұмысын нығайту және жолаушылар қозғалысын реттеуге ат салысады.

Дмитрий Ефимов, ҚР Қарулы күштері радиациялық -химиялық-биологиялық қорғаныс қызметінің басшысы:

- Әскери бөлімшелеріміз биологиялық қорғаныс костюмдерімен жабдықталған. Яғни, санитарлық залалсыздандыру жұмысын тиісті деңгейде жүргізуге әзірміз. Кез келген сәтте шұғыл әрекетке көшуге дайынбыз.

Хабар 24 телеарнасы