411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында адам көп жүретін орындар зарарсыздандырылып жатыр

  • 172
  • UPD: 14:08, 19.03.2020
Алматы облысында адам көп жүретін орындар зарарсыздандырылып жатыр

Алматы облысында вирустық инфекцияға арналған мыңнан астам төсек-орын әзірленді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соның тең жартысына жуығы балаларға, қалғаны ересек адамдарға арналған. 517 провизорлық, 1161 карантиндік обсервация тағы бар. «Инфекционист, анестезиолог-реаниматолог, невролог, терапефт сияқты мамандарымыз да жеткілікті», дейді жауапты мамандар. Ал, облыс орталығы Талдықорғанда саябақтар, жаяу жүргіншілер жолы мен аялдамалар зарарсыздандырылып жатыр. Адам көп жүретін жерлер күніне екі рет, ал адам аяғы аз болатын орындар тәулігіне 1 рет дезинфекцияланады.

Владимир Қауысбеков, коммуналдық кәсіпорын басшысы:

- Күнделікті 1 тоннаға дейін бізге Қаскелең қаласынан жеткізіліп отырады. Материалдарымыз бар, келісімшарттарымыз түгел, жеткілікті бәрі. Техникалар жаңа. Былтыр Талдықорған қаласына келді 4 единица. Тротуар да жуа аламыз. Машина сыймайтын жерлерді жуып шығатын жағдайымыз бар.

Хабар 24 телеарнасы