413,26 452,15 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордада коронавируспен күрес шаралары пысықталды

  • 200
  • UPD: 15:03, 19.03.2020

Коронавируспен күрес шаралары Қызылорда қаласында қарқынды.

Арнайы штаб отырысында елдегі төтенше жағдайға байланысты бірқатар тапсырмалар берілген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Солардың орындалуы қалай?

Коронавирустан қорғану шараларын пысықтаған қала әкімі ең алдымен күніге 1 мың адамға дейін қызмет көрсететін «Халыққа қызмет көрсету» орталығының дайындығын көрді.

Мекеме басшысы антисептиктердің дәріханаларда болмауына байланысты бірер күн кешіккенін және ертеңнен бастап орнатылатынын мәлімдеді. Сондай-ақ орталықта көрсетілетін 642 қызметтің 608-ін тұрғындар электронды түрде үйден шықпай-ақ алуға болатынын айтты. Ол үшін арнайы байланыс орталығы ашылған.

Айдын Қайруллаев, «Азаматтарға арналған үкімет» МК филиалының директоры:

- Халық халыққа қызмет көрсету орталықтарына келмей, 1414 байланыс телефонына қоңырау шалу арқылы, ол жерде портал арқылы алатын қызметтерді біздің мамандар қызмет көрсетуде. Таңғы сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін мамандар үздіксіз қызмет көрсетуде.

Ірі сауда орындары мен базарлардың да жағдайы басты назарда. Осы ретте Қызылордадағы кейбір сауда үйлері сатушылар үшін жеңілдіктер қарастырылғанын алға тартты. Бұл да сауда-саттықтың бәсеңдеуі кезіндегі халықтың халіне қарайласудың қарекеті екен.

Лейла Ризванова, сауда үйінің директоры:

- Бір бутик кеше 30 мың теңге болды, қазір 15 мың теңге төлейді адамдар. Жұмыс істемесе, ештеңе төлемейді. Орны сақталады. Екінші, үшінші этажда 10 мың теңге аренда төлейді адамдар.

Тазалық пен тәртіп орнағанда ғана кесірлі кеселдің тамырын кесуге болады. «Маңыздысы – материалдық құндылықтар емес, басты байлық денсаулық екенін естен шығармаған жөн», - деп ескертті қала басшысы.

Рейд барысында азық-түлік сатататын сауда үйлерінің де тауар қоры мен баға тұрақтылығы зерделенді.

Ержан Ескендір, сауда үйінің директоры:

Жеңілдіктер жасалады. Ертеңнен бастап осында бетперделер тарату, тауарлардың бағасын түсіру деген секілді жеңілдіктер ұйымдастырылып жатыр қазір.

Адам көп шоғырланатын емханаларға да ғимарат ішінде ұзын-сонар кезек қалыптастырмау шараларын ұйымдастыру тапсырылды. Қазір күн жылынды. Сондықтан емхана аулаларында, таза ауада кезек күтуге ыңғайлы орындар жасалмақ. Төтенше жағдай кезіндегі сақтық шараларын тексеруге бағытталған мұндай рейдтер енді жиі ұйымдастырылмақ.

Авторлары: Нұрлан Жақыпбеков, Әлхайдар Тұрлыханов

Хабар 24 телеарнасы